Шымшыма аяз

lat: Shymshyma aıaz.

Бет қаритын, шытқыл, шақпа аяз. Дәулет таңғы шымшыма аяздың кәрін енді сезе бастады, екі беті дыз-дыз еткендей де болды (М.Сүндетов, Құмда.). Есік алдына шығып, дел-сал жүріп қалсаң, денеңе ұрланып сіңіп, сездірмей тоңазытатын шымшыма аяз сияқты осынау шағын ауылда бәрі суық тартып, бойын таза аулақ салған (А.Смайылов, Ақ жалын).